Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың алғашқы бапкері Баян Жанғалов шәкіртіне чемпиондық жек...
«Қайсардағы» үлкен өзгеріс: бірден 10 легионер командадан кетеді
Фото: әлеуметтік желіден
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубын алдағы маусымда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Команда 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қала алмады. Енді қызылордалық ұжым келесі маусымды Бірінші лигада өткізеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Премьер-лигадан кеткеннен кейін клубтың ойыншылар құрамында да өзгерістер болмақ. Мәліметке сәйкес, командадан бірден 10 легионер кетеді.
Олардың қатарында Адам Ковач, Клайдер Маседо, Стефан Букорац, Никола Цуцкич, Густаво Заго, Микейас, Агостиньо, Имох Эзекиель, Виктор Мозес және Томас Джонс бар.
Осылайша, «Қайсар» алдағы маусымға құрамын қайта жасақтауға мәжбүр болады. Шетелдік футболшылардың кетуі команданың ойын құрамына елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін.
«Қайсар» Премьер-лигада соңғы орын алды
2026 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша «Қайсар» 30 матчта 25 ұпай жинап, турнир кестесінде 16-орынға тұрақтады. Қызылордалық клуб маусым барысында 25 гол соғып, өз қақпасына 41 гол жіберген.
Командамен бірге «Жетісу» да Премьер-лигадан төмендеді.
Енді «Қайсар» үшін басты міндет – Бірінші лигада сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан футболының элитасына қайта оралу.