Қазақстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылатын қылмыс түрі белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Заң
221

Парламентте есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдауға жіберілді, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісі «Кейбір заңнамалық актілерге есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасы аясында Қылмыстық кодекске бірқатар түзету енгізу жоспарланып отыр. Ең алдымен, есірткі өндірісі мен «есірткіні жасырып кетушілерді» пайдаланып сату арасындағы жауапкершіліктің аражігі ажыратылған.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте есірткі өндірісі үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру нормасын көздейтін 297-1-бап енгізіледі.

«Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру үшін жауаптылықты көздейтін ҚК-нің жеке жаңа 297-1-бабы енгізілді. Онда мүлкі тәркіленіп 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыра отыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген заң жобасына берілген қорытындыда.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткіні сату мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген. Бұрын бес жылдан он жылға дейін сотталатын. Ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін 6 жылдан 10 жылға дейін (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Ал лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаған дәл сол іс-әрекеттер үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген.

Бұдан бөлек күшті әсер ететін заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ осындай қағидаларды сақтауға міндетті адамдар үшін прекурсорлармен және күшті әсер ететін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізіледі. Есірткілерді таратқаны үшін жауаптылықты күшейту мақсатында Қылмыстық кодекстің 301-бабы мүлікті тәркілеу түріндегі санкциямен толықтырылды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне:

  • «күшті әсер ететін заттар» ұғымын;
  • есірткі тұтынуға байланысты мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар емханадан шыққаннан кейін есепке тұруға және онда демеп емдеуден өтуге міндетті екенін көздейтін түзетулер қабылданды.

Мәжіліс заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Заң

Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты...

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ нақты мекенжайлары құпияда, деп хабарлайды&nb...