Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...
17 жастағы жасөспірім ChatGPT-ден кеңес алып, анасы мен інісін өлтірді
Фото: freepik
547
АҚШ-та мигрант жасөспірім жасанды интеллект чатынан алған сценарий бойынша анасы мен інісін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Үндістаннан келген 17 жастағы Арджун Аравинд мектептегі қиындықтарға байланысты депрессияға түсіп, көп уақытын интернетте өткізген.
Мәлімет бойынша, жасөспірім бұрын жасалған қылмыстар туралы ақпараттарды іздеп, жасанды интеллект көмегімен осындай сценарийлер құрастырған.
Кейін ол үйге 45 жастағы анасы мен 14 жастағы інісі оралған кезде оларға шабуыл жасаған. Отбасының әкесі жұбайымен байланыса алмай қалған соң, полицияға хабар берген.
Қазіргі уақытта 17 жастағы жасөспірім қамауға алынып, оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.