Мәжіліс Мәдениет және спорт министрінің кандидатурасымен келісті

ЖАҢАЛЫҚТАР
4813

Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалатын Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды. Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.


Райымкұлова Ақтоты Рахметоллақызы туралы толығырақ оқып алыңыз.

author

Ақтоты Райымкұлова

КОМПОЗИТОР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы көне әрі танымал басылымдардың бірі – «Караван» өз жұмысын тоқтатпақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» мамандары 2026 жылдың желтоқсан айына арналған алдын ала болжамды жариялад...