Бүгін ақын, аудармашы Ғаббас Жұмабаевтың туғанына - 100 жыл, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ақын 1...
Жүріп келе жатқан көліктің есігін ашқан: Түркістан облысында жүргізуші жазаланды
видеодан алынған скрин
Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Toyota Alphard жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды, деп хабарлады MadenipPortal.kz.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жолдағы қауіпті әрекет бейнеленген видео анықталған.
Бейнежазбада 42 жастағы жүргізушінің Toyota Alphard автокөлігін басқарып келе жатқаны көрінеді. Осы кезде көліктегі жолаушылардың бірі алдыңғы есікті ашып, денесін сыртқа шығарған. Ал жүргізуші оның бұл әрекетіне жол берген.
Аталған дерек бойынша тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады.
Нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Toyota Alphard автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды.
Ал қауіпті әрекетке барған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттің адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертті.
«Жолаушының көлік қозғалысы кезінде денесін салоннан сыртқа шығаруы жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып қана қоймай, оның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай әрекет көлікті басқаруға кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін», – деп ескертті полиция.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.