Күйеуі атпен сүйреп өлтірді делінген келіншектің соты басқа бапқа ауыстырылды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
716

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұманованың ісі бойынша сот отырысы 27 қарашада басталады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың шілдесінде Баласаз ауылында болған. Марқұмның туысы Раушан Дәуренбекованың айтуынша, істің мән-жайын анықтау үшін Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалған. Қайта сараптама нәтижесінде күдіктіге тағылған айып ауырлатылған.

Алғашында іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі – "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соққан" бойынша тергелген еді.

Алайда туыстары алғашқы сараптама қорытындысына күмән келтіріп, қайта тексеруді талап еткен.

"Мәйітке эксгумация жасауды сұрадық. Талдықорғандағы сараптамаға көңіліміз толмады. Алматыға апарып қайта тексерттік. 58 күндік сараптама нәтижесінде іс "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабына (ҚК 99-бап, 3-бөлік) ауыстырылды", – дейді марқұмның жақыны.

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

«Әлем әдебиетінің жауһары» айдарында бүгін «Адамзаттың Айтматовы» атанған Қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Madeni...