Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі халыққа шұғыл үндеу жасады

Фото: ашық дереккөзден

Өнер
1193

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жары көпшілікке шұғыл түрде үндеу жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуына қарағанда, атынан ашылып жатқан қордың бәрі - жалған. Ол өз сөзінде халықтан қолдау ғана сұрағанын, ешқандай ақша жинау немесе қор ашуды сұрамағанвн айтып өткен. 

- Қадірменді халқым! Егер менің атымнан, менің интервью фрагменттерін, фотосуретімді пайдаланып қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол жалған ақпарат екенін ескертемін. Мен Президентке үндеу жасадым, тергеудің объективті болуын, әділетті сот шешімін сұрадым, халқымнан қолдау сұрадым. Бірақ, маған ақша жинау немесе қор ашуды сұраған жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын! 
Халқыма рақмет айтамын! - деп жазды.

Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілді, деп хабарлайды Ma...