Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPort...
Жалған ақшамен тауар алып, 70 жастағы саудагерді алдап кеткен әйел ұсталды
Фото: freepik
566
Оқиға Абай қаласындағы киім бутигінде болды. 38 жастағы әйел 70 жастағы сатушыны алдап, 10 мың теңгелік жалған купюрамен тауар алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тіпті үстіне шынайы ақша ретінде қайтарымын да алып кеткен.
Кейін ғана сатушы ақшаның жалған екенін білген. Дүкен иелері видеоны әлеуметтік желіге жариялап, полицияға жүгінген.
Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталды. Оған қатысты «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.