Өзбекстандағы футбол турнирінде уланған қазақстандық балалар елге аман оралды

елшілік

ЖАҢАЛЫҚТАР
324

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен халықаралық футбол турнирі кезінде уланып, ауруханаға түскен қарағандылық балалардың барлығы Қазақстанға оралды. Жас спортшылар қажетті ем қабылдап, медициналық мекемелерден шығарылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысынан барған балалар Ташкентте ұйымдастырылған Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол турниріне қатысқан. Алайда жарыс барысында бірқатар жас спортшының денсаулығы нашарлап, олар ауруханаға жеткізілген.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің мәліметінше, балаларға екі елдің денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлер қажетті ем жүргізіп, олардың елге оралуына жағдай жасаған.

Оқиға тіркелген алғашқы күндерден бастап елшілік қызметкерлері зардап шеккен балалардың ата-аналарымен тұрақты байланыста болып, Өзбекстанның медициналық мекемелерімен және жауапты органдарымен бірлесіп жұмыс істеген.

Балалардың ата-аналары Қазақстан елшілігіне, Ташкент қаласының әкімдігіне, жергілікті денсаулық сақтау басқармасына және дәрігерлерге алғыс білдірген. Елшілік те жас футболшыларды емдеген Ташкенттегі №5 қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлеріне ризашылығын жеткізген.

Бұған дейін жас футболшылардың жаппай улануына байланысты Өзбекстанда санитариялық талаптардың сақталмауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының қарқынды дамуы мен жас тұрғындардың сұранысы заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға жаңа м...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда жүк көлігіне тиелген 40-қа жуық жылқы жол үстінде өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Made...