“Жансақтау бөлімінде жатыр”: Қостанайда науқас хирургті соққыға жықты

Фото: Инстаграм/ Антон Кистанов

ЖАҢАЛЫҚТАР
1152

Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасады — хирург жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

17 шілде күні Қостанай облыстық ауруханасында төтенше оқиға орын алды. Күрделі отадан кейін уролог-хирург Антон Кистанов қабылдау бөліміне түсіп жатқан науқастарды қарауға түскен. Кезекте үшінші тұрған азамат кенеттен агрессия танытып, дәрігерге соққы берген. Салдарынан дәрігер есінен танып қалған.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы Антон Николаевич Кистанов бұл мекемеде 6 жылдан бері еңбек етеді. Осы уақыт ішінде ол ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Қазіргі таңда дәрігердің өзі өмірі үшін күресіп жатыр — ол жансақтау бөлімінде ауыр халде.

Антон Кистановтың артында жас жұбайы мен нәресте қызы қалды.

Аурухана өкілдері болған жағдайды жай ғана оқиға ретінде қарастырмайды.

«Бұл – күн сайын адам өмірін арашалап жүргендерге қарсы жасалған қылмыс. Біз әділ тергеу жүргізілуін талап етеміз және медицина қызметкерлеріне құрметпен қарауға шақырамыз. Дәрігерге жасалған әрбір соққы – денсаулық сақтау жүйесіне жасалған соққы. Дәрігерлерде қару жоқ. Олардың жалғыз “қаруы” – білім, қол мен жүрек. Олар солардың көмегімен бізді құтқарады. Оларды да үйінде отбасылары, жақындары тірі және аман-есен күтіп отыр», – деді медицина мекемесінің өкілдері.

Шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...