Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республи...
Түркиядағы су тасқыны: Үйлерді су шайып, өзенге құлап жатыр
Фото: видеодан скриншот
Түркиядағы су тасқынының салдарынан үйлерді су шайып, өзенге құлап жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл оқиға Сакарья провинциясында тіркелген. Су тасқыны салдарынан екі қабатты тұрғын үй өзенге құлап кеткен.
Жағалауға жақын орналасқан ғимараттың іргетасын тасқын су шайып, соның салдарынан үй санаулы секунд ішінде ағыны қатты өзенге опырылып түскен. Оқиға сәтін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Өңірде қатты дауыл соғып, жағдай күрделене түскен. Көршілес Сапанджа ауданында су тұрғын үй кешендерін басып, туристерге арналған бунгало үйлердің бірін ағызып әкеткен.
Тасқынға байланысты Сакарья, Ыстанбұл және тағы төрт провинцияның билігі мектептердегі дәстүрлі оқу сабақтарын тоқтатты.