Алдағы 3 күн Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, күн суытады

Фото: ЖИ

АЙМАҚТАР
384

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған Астана мен Алматы қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 23, 24 және 25 қыркүйек күндері ауа райы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Болжамға сәйкес, Астана мен Алматыдағы жылы ауа райы жақын арада жаңбыр мен салқынға ұласады. 23-24 қыркүйекте күн әлі де жылы әрі құрғақ болады, алайда 25 қыркүйекте елордада температура айтарлықтай төмендеп, Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. 
 

Астанадағы ауа райы

 

23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5+7 градус, күндіз +19+21 градус жылы болады. 

 

24 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +18+20 градус.

 

25 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +13+15 градус жылы.

 

Алматыдағы ауа райы

 

23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +25+27 градус жылы.

 

24 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +25+27 градус жылы.

 

25 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +23+25 градус жылы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...