Жақында дүркіретіп той жасаған белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы тағы бір қуанышты жиы...
«Қабылдау маған өте қиын»: блогер Жанабыловтың отбасында қайғылы жағдай
ашық дереккөз
Танымал блогер Жанабыловтың жұбайы Эльмира Төлегенова отбасындағы қайғылы жағдай туралы хабарлады. Оның әжесі өмірден өткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қаралы хабарды Эльмира әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, әжесіне арнап жүрекжарды жазба жариялады.
«Бүгін сіздерге мен үшін өте ауыр жаңалықты жеткізгім келеді, әжем өмірден өтті. Ол бала күнімнен менің өмірімнің, балалық шағымның, отбасымның, жүрегімнің бір бөлігі болды. Оның енді қасымда жоқ екенін қабылдау маған өте қиын», – деп жазды Эльмира Төлегенова.
Ол әжесінің өзіне берген махаббаты мен қамқорлығына алғыс айтып, онымен байланысты естеліктер жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.
Желі қолданушылары Эльмираға және оның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.