Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде өткен Олимпиада ойындарында шәкіртт...
Аяқ киім дауынан кейін алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді
Фото: qazathletics
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғаған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Марапаттау рәсіміне Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мен федерацияның бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысты. Олар құрлықтық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сертификаттар табыстады.
Жиындағы ерекше жаңалық – марафон қашықтығында өнер көрсеткен Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілті берілді. Сыйлықты федерация мен демеушілер табыстаған.
Федерация өкілдері бұл марапат спортшыға алдағы Олимпиада ойындарына дайындық кезінде қосымша мотивация болады деп үміттенетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында спорттық жүрістен марафон қашықтығында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленген еді. Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне наразылық білдіріліп, World Athletics спортшының аяқкиімін тексерген. Тексеру барысында аяқкиімнің жарыста қолдануға рұқсат етілген тізімге сәйкестігі қаралған. Нәтижесінде қазақстандық спортшы алтын медалінен айрылған болатын.