Мас күйде көлік жүргізген имам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

Фото: muftyat.kz

Заң
1690

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетті тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген. Ақмола облысының соты имамның әрекетіне қатысты шешім шығарды деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап.

«Сот қаулысымен Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, өңір соты имам жазасын Бурабай ауданында өтеп жатқанын хабарлады. 

Еске салсақ, 25 шілдеде Бурабайда масаң күйде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы ұсталғанын жазған болатынбыз. Полиция өңірдің бас имамына қатысты әкімшілік хаттама толтырған. 

Сол күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мас күйінде ұсталған Қостанай имамын жұмыстан шығарғанын хабарлап, елден кешірім сұрады

Айта кетейік, 30 шілдеде Бектұрсын Уалиев Қостанай облысының бас имамы болып тағайындалды

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...