Қонаевта аға прокурор ұсталды

Заң
2302

Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр.

Біз 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың ұсталғанын  растаймыз, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...