Өтен Ахмет
ЖАЗУШЫӨтен Ахмет - 1938 жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт стансасында дүниеге келген.
Еңбек жолын Жезқазған руднигінде шахтада бастаған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, Қарсақпай поселкесіндегі орта мектепте үш жыл ұстаздық қызмет атқарды. 1967 жылдан бастап ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы, облыстық телерадиокомпания төрағасы, республикалық «Азиятранзит» тәуелсіз саяси газетінің Бас редакторы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
2005 жылдан бері Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. «Жетісу» телеарнасында «Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді.
«Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы, «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді. Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975), «Алтын арқау» повестері (1977), «Қоңыр үй» (1982), «Заңғар» (1988), «Адасқан ғасыр» (2007), «Қарқаралы аруы» (2008) романдары шықты. «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының І томдығы жарық көрген. «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздарыай» телевизиялық фильмі сценарийінің, «Темірқазық», «Студенттер», «Кенесары, Наурызбай», «Желтоқсан ызғары», «Бағдаршам», «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.
«Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977), «Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды. Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған. «Жас қазақ үні» газеті өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған. «Уақыт кімді жақтайды?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.
Әдебиеттер:
Ахмет Ө.Адасқан ғасыр: Повестер /Ө.Ахмет.- Алматы: Жалын баспасы, 2007.- 320 б. Ахмет Ө. Шығармалары: Роман, хикаяттар мен əңгімелер. – Астана: Фолиант, 2009. – 384 б. – (Сырдария кітапханасы)
* * *
- Ахмет Өтен //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 58 б.
- Ахмет Өтен //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 39-40 б.
- Ахмет Өтен //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004. - 34 б.
- Ахметов Өтен //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 48 б.
Өтен АхметПРОЛОГ ОРНЫНАОйын баласының даладан таппайтыны жоқ... үйге әкелмейтіні жоқ. Кішкентай неме...
Қолымда марқұм Қуандық Шамайхайұлының өзі дайындап, бірақ көре алмай кетсе де, қалың оқырманға жол т...
Жасым тоқсанға беттегенде мұндай сөз айтудың еш ерсілігі жоқ шығар. Көзім тіреде өзім білген, аралас...
&n...
&nbs...
Күнде болмаса да күнара мас: табалдырық алдында тәлтіректеп тұрып зорға шешінеді, екі бәтеңке екі жа...
Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Мыңбай ауылы көңіліме бұрыннан ыстық. Бес ұлдың ортасындағы...
Осы мақаламның беделді әдеби журналда жарияланғанына бақандай 17 жыл толыпты. Осы күндері қазақтың т...
Таныс болыңыз: Кәкімбек Салықов. Тау-кен инженері, Жезқазған шахтасында учаске бастығы, бас инженер,...
Менің тиыным, сенің тиының...Уһ, шаршадым. Бұл түріммен аяғымдағы жалғыз шәркейімнен де айрыла...
Әлемге келген коронавирус деген ортақ індет талай елдің екі аяғын бір етікке тықты. Соғысқа бергісіз...
(1940 – 2011)Орыс әдебиеті мен мәдениетінің тарихында «шестидесятники» деген қалып...
Күнделік жазбалардың иесі Емберген Омаров, тегі – Орта жүз Арғын, арғы бабасы – Қаздауыс...
«Көш түзу болсын» айтуға келгендер, ауылдың игі жақсылары: шаруашылықтың директоры, парт...
&n...
Адайлардың ғана емес, барша қазақ рухының киесіндей. Оған тәу ету әр қазаққа парыз. Менің де арманым...
Осылай деп қана қоймай, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және «ОРЫС ТІЛІНДЕ...
Көңілде қобалжу, пейілде мазасыздық. Қызыл шиқан сияқты ол іседі, сыздайды, іріңдейді, жарылады. Мұн...