Өтен Ахмет
ЖАЗУШЫӨтен Ахмет - 1938 жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт стансасында дүниеге келген.
Еңбек жолын Жезқазған руднигінде шахтада бастаған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, Қарсақпай поселкесіндегі орта мектепте үш жыл ұстаздық қызмет атқарды. 1967 жылдан бастап ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы, облыстық телерадиокомпания төрағасы, республикалық «Азиятранзит» тәуелсіз саяси газетінің Бас редакторы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
2005 жылдан бері Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. «Жетісу» телеарнасында «Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді.
«Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы, «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді. Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975), «Алтын арқау» повестері (1977), «Қоңыр үй» (1982), «Заңғар» (1988), «Адасқан ғасыр» (2007), «Қарқаралы аруы» (2008) романдары шықты. «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының І томдығы жарық көрген. «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздарыай» телевизиялық фильмі сценарийінің, «Темірқазық», «Студенттер», «Кенесары, Наурызбай», «Желтоқсан ызғары», «Бағдаршам», «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.
«Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977), «Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды. Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған. «Жас қазақ үні» газеті өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған. «Уақыт кімді жақтайды?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.
Әдебиеттер:
Ахмет Ө.Адасқан ғасыр: Повестер /Ө.Ахмет.- Алматы: Жалын баспасы, 2007.- 320 б. Ахмет Ө. Шығармалары: Роман, хикаяттар мен əңгімелер. – Астана: Фолиант, 2009. – 384 б. – (Сырдария кітапханасы)
* * *
- Ахмет Өтен //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 58 б.
- Ахмет Өтен //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 39-40 б.
- Ахмет Өтен //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004. - 34 б.
- Ахметов Өтен //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 48 б.
Мақала өз кезінде «Жұлдыз» журналында жарияланғалы жатқан жерінен «бұл айтысты тоқ...
Жас мемлекетіміздің он жылдық мерекесі өтті. Биліктегілер мен билікке жақын жүрген біраз шөпке...
Американдық көрнекті жазушы, 1947 жылы туған.Әдебиеттің триллер, фантастика, ми...
–Ата, Айгүл тәтем ән айтып жатыр, - дейді жиен кенжеміз, үш тілді Дәмежан. Мен телевизор көрме...
Керекті есіктен ішке бірден кіре алмайтынын қарт жазушы білетін. Жертөлеге түсті. Аядай терезе ойығы...
Автобус терезесінен көз қиығым түсіп кетіп, оқыста біреу шошытқандай селк ете қалдым. Ылғи да осында...
Жанболаттың Арқа төсіндегі өндірісті үлкен қалаға келгеніне бір же...
Ол екеуміз үшінші курсты тәмамдағанша өте тату дос едік. Бір себепке байланысты арамызға өкпе түсті...
-Рядовой Белов, дай лапу.-Держи.Белов ұсынған күректің сабынан ұстап Емберген сыртқа шығып алды.&nbs...
Жазғы емтихан тапсырылды, сонымен екінші курс тәмам. Алда ұзақ каникул. «Маған алаңдамаңдар, К...
Қонақтар жан-жақтан көп жиналды. Әсіресе, Алматыдан үш самолет, бір вагон болып келді. Өзім деген шө...
Жақсы көретін досы Мүтәллапты кешеден бері көрмеген еді. Қайда жүр деп ойлауын ойлағанмен, іздеп шығ...
Бұл екеуінің арасынан қандай ғана алакөт сұмырайдың өтіп кеткенін кім біліпті, әйтеуір, олар сәл нәр...
1.АшуАҚШ-тың экономикалық санкциялары Ресейді ғана емес,тонның ішкі бауындай байланысқан, оның ықпал...
Кісі басы сиятындай ғана терезе ойығынан өңірейіп бейтаныс ер адамның жүзі көрінгені: аққұба, атжақт...
«Нұр-Отан» мен ҚХА жиындарын осы жолы бастан аяқ көріп, тыңдадым. Қазақша сөйлесе, еркін...
Жаңа ғана ФБ-дан Семей атом полигонының бүгінгі сұрқын көрдім. Полигон жабылды, маңайындағы ел қауіп...
Бір пәшке ақын,жазушыға "Халықаралық Алаш әдеби сыйлығы" таратылыпты. Ащы тілді реніш айты...