Дженнифер Лопестің екінші концерті үлкен мәселеге тап болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Күні к...
Ақтөбедегі толассыз жаңбырдың тағы бір салдарына қатысты әкімдік дабыл қақты
Фото: видеодан скриншот
692
Ақтөбедегі толассыз жаңбырдың тағы бір салдарына қатысты әкімдік дабыл қақты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мәліметінше, қалада кәріз құдықтарының қақпағын өз бетінше ашу жағдайы жиілеп кетті.
Кәріз құдықтары мен желілері жаңбыр суын қабылдауға арналмаған.
Қалыпты жағдайда қаланың су бұру жүйесі тәулігіне шамамен 80 мың м³ ағын суды қабылдап, тазалайды.
Қазіргі уақытта бұл көлем тәулігіне 150 мың м³ дейін артты.
«Бұл кәріз желілеріне жаңбыр суларының көп мөлшерде түсіп жатқанын көрсетеді», - делінген мәлімдемеде.
Мұндай әрекеттер инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсіріп, апатты жағдайдың туындауына әкелуі мүмкін.